Жарнамалар

Құдағи жүзік орамалы


Бұл орамалда құдағи жүзік бейнеленген. Әдетте құдағи жүзік басқа жүзіктерге ұқсамайды. Жүзік екі саусаққа қатар киілетін екі шеңберден тұрады. Құдағи жүзікті қалыңдықтың шешесі құдағайына өзініңқызына мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға тартатын. Құдағи жүзік – адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі. Орамалдың этикеткасында “Орамал тон болмайды, жол болады” деп жазылған.

Бағасы көрсетілмеген. Сатушымен хабарласыңыз